Тәжікстан билігі коронавирусқа байланысты шекараға енгізген шектеулерін түгел алып тастады. Коронавирустың алдын алу жөніндегі республикалық штаб эпидемиология жағдайы тұрақталғанына байланысты ақпанның 8-інен бастап барлық шектеуді жою жөнінде шешім шығарған.
Тәжікстан 2022 жылғы желтоқсанда коронавирустың жаңа толқынына жол бермеу үшін эпидемиология шараларын күшейткен. Мұны Қытай мен Өзбекстанда коронавирус көбейгенімен байланыстырған.
Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі "2022 жылғы наурыздан бері елде коронавируспен бірде-бір адам ауырған жоқ" деп есептейді. Ресми мәліметке қарағанда, Тәжікстанның 17 388 азаматы коронавирус жұқтырып, оның 17 264-і жазылған, 124 адам өлген. Тәуелсіз сарапшылар ресми статистика шындыққа сай емес деп біледі.
ПІКІРЛЕР