Accessibility links

ОСК мәжіліс сайлауына қатысатын ЖСДП тізімін тіркеді


Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Астана, 29 қыркүйек, 2022 жыл.

13 ақпанда Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) алдағы мәжіліс сайлауына ұсынған кандидаттарының тізімін тіркеді. Тізімдегі 19 адам заң талабына сай келеді деп танылған.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ЖСДП тізімдегі әр адам үшін 1 миллион 50 мың теңгеден сайау жарнасын төлегенін айтты.

2 ақпанда ЖСДП мәжіліс сайлауына қатысатын 19 кандидатын атаған. Бұл партиядан тағы алты адам бірмандатты сайлау округтері арқылы ұсынылады.

ОСК 11 ақпанда Қазақстан халық партиясының 52 адамнан тұратын партиялық тізімін тіркеген.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы 19 наурызға белгіленген. Сайлауға қатысатын кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталған, тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Мәжіліс депутаттарын сайлауға ресми тіркелген жеті партия қатысады. Партиялық тізім бойынша барлығы 283 кандидат бар. Оның үштен біріне жуығы "Аманат" партиясынан.

Бірмандатты сайлау округтері бойынша барлығы 609 кандидат тіркелген. Оның 79-ын партиялар ұсынған. Бұлардың 29-ы "Аманаттан". Тағы бес кандидат төрт қоғамдық ұйымнан, 525 адам өзін-өзі ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG