Accessibility links

Екібастұзда жылу батареялары жарылған үйде екі адам "ток ұрғаннан мерт болған"


Екібастұздағы тұрғын үйлердің бірі.
Екібастұздағы тұрғын үйлердің бірі.

Екібастұзда жылу батареялары жарылған үйде "ток ұрғаннан екі адам мерт болған". Бұл жөнінде 16 ақпанда Polisia.kz сайты хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 13 ақпанда тұрғындардың бірінен радиатор істен шығып, үйді су басқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйел адам өлі күйде табылған. Олардан "зорлық-зомбылық белгілері" байқалмаған.

"Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет жұмысшылары залда сымдары бүлінген электр жылытқыш тұрғанын көрді. Факт Екібастұз полиция басқармасында тіркелді" деп жазылған хабарламада.

Полицияның мәліметінше, сот-медицина зерттеуінің алдын ала нәтижесі екі адам "ток соққаннан өлгенін" көрсеткен. Сот-медицина сараптамасы тағайындалған. Соған сәйкес, процестік шешім шығарылатыны айтылды.

Биылғы жылу маусымы кезінде Қазақстанның бірнеше аймағында құбырлар істен шығып, тұрғындардың жылусыз қалуы жиілеген. Қазанның аяғында Екібастұз жылу электр орталығында ірі апат болып, жүздеген үй қақаған суықта жылусыз қалды. Қазақстан билігі елдегі жылу жүйелерінің 70-90 пайызға жуығы тозғанын мәлімдеген.

Видео: Мұз құрсауындағы қала. Екібастұзда не болып жатыр? (Желтоқсан, 2022 жыл).

Мұз құрсауындағы қала. Екібастұзда не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:10:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG