Ер адамдар Қаһраманмарашта қираған үйді аршып жатыр. 14 ақпан, 2023 жыл.
Түркияның жер сілкінісінен қатты зардап шеккен қаласының бірі Қаһраманмарашта 17 жастағы қыз 10 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды. Құтқарушылар қызды 16 ақпанда құтқарған. Бұл туралы Түркияның TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.
Ал кеше, 15 ақпанда осы қалада қираған үй астынан 42 және 74 жастағы екі әйел құтқарылғаны хабарлаған еді. Антакия қаласында бір әйел мен оның екі баласы үйінді астынан аман табылды.
Қазір Түркияда әртүрлі елден келген құтқарушылар 6 ақпандағы жер сілкінісінен қираған үйлерді аршып жатыр. Күн өткен сайын аман қалған адамдарды табу қиындап барады. Үйлерінен айырылған мыңдаған адам уақытша паналау орындарында, шатырларда тұрып жатыр.
Түркия мен Сирияда болған зілзаладан 10 күн өтті, қазір екі елде қаза тапқандар саны 42 мыңға жуықтады. Түркияда 35 мыңнан астам адам, Сирияда 5800 адам қаза болған. БҰҰ Сирияда құтқару жұмыстары баяу жүріп жатқанын мәлімдеп, қаза тапқандар саны алдағы күндері өсуі мүмкін екенін ескертті.
Америкалық JP Morgan қаржылық компаниясы 16 ақпанда "Түркияға жер сілкінісінен келген шығын 25 млрд долларға дейін жетуі мүмкін" деп мәлімдеді.
6 ақпанда Түркияның Газиантеп аймағында болған жер сілкінісінен үш қазақстандық опат болды.
Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын көрсететін спутник суреттері
Дейін
Кейін
1/5
Түркияның Ислахие қаласының қазан айындағы және биыл ақпанда болған жер сілкінісінен кейінгі көрінісі.
Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған 7,8 балдық жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 40 мыңнан асты (35 418 адам Түркияда, 5800 адам Сирияда). Үйінділерді аршу әлі жалғасып жатыр.
Түгел оқыңызҚысқарту
Дейін
Кейін
2/5
Түркияның Нұрдаги қаласының былтыр қыркүйектегі және жер сілкінісінен кейінгі көрінісі.
БҰҰ халықаралық қауымдастық көмегі үйінділерді аршудан суықта баспанасыз қалған тұрғындарды азық-түлікпен қамтуға, оларға уақытша паналайтын орын ұйымдастыруға ауысқанын хабарлады. Апаттан қираған қалаларда жұрттың көбі шатырларда, контейнерлерде тұрып жатыр. Қазақстаннан апарылған 100-ден аса киіз үй Қаһраманмараш қаласында тігіле бастады.
Түгел оқыңызҚысқарту
Дейін
Кейін
3/5
Қаһраманмараш қаласында былтыр маусым айында және биылғы жер сілкінісінен кейін түсірілген сурет.
Оң жақтағы суреттен стадионда уақытша паналау орындары ашылғанын көруге болады.
Түгел оқыңызҚысқарту
Дейін
Кейін
4/5
Түркияның Нұрдаги қаласының былтыр қыркүйекте және биыл 7 ақпанда түсірілген суреті.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алапат зілзаланы "атом бомбасының зардабымен" теңестірді. Анкарадан телеүндеу жасаған Ердоған оңтүстікте мыңдаған ғимарат жарамсыз күйге түскенін айтты.
Түгел оқыңызҚысқарту
Дейін
Кейін
5/5
Ислахие қаласының былтыр қыркүйекте және биыл 7 ақпанда спутниктен түсірілген суреті.
Түркия төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінен соң 95 ел көмек қолын созғанын мәлімдеді. Ал Сирияға қақтығыс салдарынан көмекті дер кезінде жеткізу қиынға соғып жатыр.