Accessibility links

Германия да өз азаматтары Ресейге барудан тартына тұрғанын қалайды


Германия сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын Ресейге барудан тартына тұруға шақырды. Онда Ресейде жүрген немістерге әсіресе 20-26 ақпан аралығында Ресейде ресми іс-шара көбейіп, қауіпсіздік күшейтілетін кезде сақ болу жөнінде де айтылған.

Германия сыртқы істер министрлігі Германия мен Ресей азаматтығын қатар алып жүрген адамдарға арнайы тоқталып, Ресей билігі оларды тек Ресей азаматы ретінде қарастыратынын, сондықтан қандай да бір жанжал туа қалса, мәселен әскери қызметке әкете қалса, Германия консул жәрдемін бере алмайтынын ескерткен.

Неміс сыртқы істер министрлігі әсіресе Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармаған жөн болатынына назар аудартқан.

  • 13 ақпанда АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі де өз азаматтарын Ресейден кетуге шақырған еді. Былтыр АҚШ елшілігі америкалықтарға Ресейден дереу кетуді екі рет ескерткен еді. Әуелгі ескерту Ресей әскері Украинаға басып кірген соң, 28 ақпанда, кейін Ресей әскери мобилизация жариялаған кезде жасалды.
  • Латвия, Болгария және Румыния да өз азаматтарына осыған ұқсас хабар таратқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG