Accessibility links

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат берді. Олар марш ұйымдастырғысы келген


Былтыр 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршы.
Былтыр 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршы.

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда әйел құқығы үшін митинг өткізуге рұқсат берген. Бұл туралы Азаттыққа митингіні ұйымдастыру комитеті хабарлады. Ұйымдастырушылар әкімдік "митингіге рұқсат бергенін феминистерге емес, кейбір ақпарат құралына хабарлағанына" наразы.

Бұған дейін феминистер әкімдікке 8 наурызда марш ұйымдастыруға өтініш берген. Бірақ жергілікті билік сол күні марш өтетін жер әкімдіктен тапсырыс алған "Еріктілер лигасына" берілді деп, маршқа рұқсат бермеген еді.

"Бізде таңдау аз болды" дейді митингіні ұйымдастырушылардың бірі Фариза Оспан. Оның сөзінше, әкімдік "Сарыарқа" кинотеатры артындағы сквер мен Ганди ескерткіші орналасқан паркті ұсынған.

"Жағдайды саралай келе, митингіні Ганди паркінде өткіземіз деп айттық" дейді ұйымдастырушылардың бірі Жанар Секербаева.

Секербаева бұған дейін әйелдер маршын өткізуге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен шағым түсірген еді. Ол әкімдіктің митинг өткізуге рұқсат бергені шағымға әсер етпейді дейді.

"Біз орталықтан кең орын бергенін қалаймыз. Мақсатымыз – митингіні кең жерде өткізу және маршты қалайда ұйымдастыру" дейді Фариза Оспан.

Феминистер 23 ақпанда рұқсат етілген пикет ұйымдастырып, әйелдердің 8 наурызда марш өткізу құқығын көтермек.

20 ақпанда феминистер маршқа рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа шағымданған. Сот шағымды қабылдаған, бірақ оның қаралуына бірнеше апта кетуі мүмкін.

Qyzdar. Қазақстандағы теңдік үшін күрес
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG