Accessibility links

Ақтөбе облысында боранда жолда қалған өзбек және тәжік азаматтары жергілікті мектеп пен мешітке орналастырылды


Боранда жолда қалып, жергілікті мектепке орналастырылған өзбек және тәжік азаматтары. Ақтөбе облысы, 23 ақпан, 2023 жыл.
Боранда жолда қалып, жергілікті мектепке орналастырылған өзбек және тәжік азаматтары. Ақтөбе облысы, 23 ақпан, 2023 жыл.

Боран кезінде жолда қалған Өзбекстан мен Тәжікстанның 220 азаматы Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауылындағы мектептің спортзалы мен мешітке орналастырылды. Орталық Азия елдерінен шыққан мигранттар Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына бет алған. Алайда Самара – Шымкент тасжолының 968-шақырымында боран басталып кетіп, Қарабұтақ ауылында аялдауға мәжбүр болған.

Ресейді бетке алған Van Hool маркалы екі автобус Қазақстан азаматтарына тиесілі екені хабарланды. Автобус жүргізушілері еңбек мигранттарымен бірге Қарабұтақ ауылында боран басылғанын күтіп отыр.

Қарабұтақ ауылындағы Тарас Шевченко атындағы орта мектептің директоры Жанаргүл Қуанышеваның айтуынша, жолаушылар мектептің спортзалына бөлек есіктен кіріп-шығады. Яғни оқу процесіне кедергі келтірмейді.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл сайын қыста күрежолдың бойындағы мектептер, мешіттер мен кемпингілер жылыту пункттеріне айналады.

"Қазір облыс аумағында осындай 114 пункт бар. Кешелі бері бұл пункттерді жүздеген адам паналап отыр" деп хабарлады құтқарушылар.

Ауа райының қолайсыздығынан 23 ақпаннан бері Ақтөбе облысындағы көлік жолдарының бәрі жабық.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG