Accessibility links

Бішкекте соғысқа қарсы акцияға қатысқан кемінде жеті адам ұсталды


Украинаның Қырғызстандағы елшілігі өкілдері соғыс құрбандарын еске алып жатыр. 24 ақпан, 2023 жыл.
Украинаның Қырғызстандағы елшілігі өкілдері соғыс құрбандарын еске алып жатыр. 24 ақпан, 2023 жыл.

Бішкектегі емен саябағында милиция қызметкерлері Украинадағы соғысқа бір жыл толғанына арналған акцияда кемінде жеті адамды ұстады. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Гүлшайыр Әбдірасулова хабарлады.

Оның сөзінше, ұсталғандар Бірінші май ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілген.

"Оларды жай киім киген адамдар ұстап, мобильді телефондарын тартып алды. Ішкі істер министрі, айтыңызшы, сонда бізде ескерткішке барып, гүл қоюға болмай ма?" деп жазды құқық қорғаушы.

Азаттыққа сонымен бірге Бішкекте тұратын тағы бір Ресей азаматы Станислав Захаркин хабарласып, емен саябағындағы соғысқа қарсы акцияға қатысқаны үшін бес досын ұстап әкеткенін айтты.

"Сағат 11-лер шамасында досым хабарласып, өздерін ұстап, Бірінші май аудандық басқармасына апара жатқанын айтты. Олар Украинадағы соғысқа бір жыл толуына орай гүл қоюға тиіс болған. Олардан мобильді телефондарын да тартып алған. "

Бірінші май аудандық милиция басқармасы өкілдері Азаттыққа акцияға қатысушылар жөнінде кейін ақпарат беретінін айтты.

Бір жыл бұрын 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірді. Ресей "әскери операция" деп атаған соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға зардабын тигізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG