Accessibility links

АҚШ Украинаға тағы 2 млрд доллар көлемінде көмек береді


Украинадағы атқылаулар. Бейтарап сурет
Украинадағы атқылаулар. Бейтарап сурет

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі 24 ақпанда Украинаға тағы 2 млрд доллар көлемінде әскери көмек беретінін мәлімдеді. Жаңа көмек құрамында HIMARS ракета жүйесіне арналған оқ-дәрі мен дрондар бар. Жабдықтар Америка өнеркәсібінен бөлінеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, пакет ішінде CyberLux K8 дрондары және дрондарды атып түсіретін Switchblade 600, Altius-600 және Jump 20 аппараттары, радиоэлектроника әскери құралдарын анықтайтын жабдықтар бар. Бұл Украинаның әуе шабуылына қарсы жүйесін нығайтып, халықты қорғау үшін беріліп отыр.

Ақ үйдің айтуынша, пакетте сонымен бірге 155 миллиметрлі артиллериялық қондырғыларға арналған оқ-дәрі, миналардан тазартатын және байланысты қорғайтын құралдар бар.

24 ақпанда Ақ үй Ресей экономикасына қарсы жаңа санкция мен шектеулер пакетін жариялады деп жазды "Америка дауысы".

Ол Ресей мен оны қолдайтын үшінші елдердегі 200-ден астам жеке және заңды тұлғаларды қамтиды. Вашингтон Ресейдің металлургия және химия өнімдеріне, сонымен бірге минералдың жүзден астам түріне де салықты өсіреді.

Ақ үйдің хабарлауынша, "Үлкен жетілік" елдері Украинаға соғыс ашқан Ресейге жаңа экономикалық міндеттемелер жүктеу үшін жиналады. Кездесу кезінде бұған дейін енгізілген санкциялардың жүзеге асуын бақылау тетіктері талқыланады.

XS
SM
MD
LG