Accessibility links

Ресейдің Тобыл қаласында "теракт дайындады" деп айыпталған оқушы қамауға алынды


Бейтарап сурет.
Бейтарап сурет.

Ресейдің Тобыл қаласының соты "әскери комиссариатты өртемек болды" деп айыпталған 15 жастағы мектеп оқушысын екі айға тергеу изоляторына қамады. Бұл жөнінде Түмен облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу органдарының болжамынша, 23 ақпанда түнде 9-сынып оқушысы "Молотов коктейлі" мен оттұтатқыш алып, қаладағы әскери комиссариат жаққа бет алған.

"ФСБ қызметкерлері терактінің алдын алды, олар қылмыс орнына кетіп бара жатқан бозбаланы жолда ұстады" деп жазылған соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мектеп оқушысын тергеу органдары "теракт әзірледі" деп айыптап отыр. Ол кемінде 22 сәуірге дейін тергеу изоляторында болады.

  • Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейдегі ондаған әскери комиссариат пен мемлекеттік мекемелерде өрт болды. "Бұзақылық" немесе "мүлікті бүлдіру" баптары бойынша бірнеше адам сотталған. Алайда былтыр күзден бері тергеу органдары мұндай істерді "теракт" сияқты ауыр баптармен тергей бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG