Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне (ҰҚМК) қарасты шекара қызметінің өкілі белгісіз жарылғыш зат жарылғаннан жарақат алған. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Оқиға 25 ақпанда Баткендегі №2021 әскери бөлімінде болған. Шекарашы көліктерді тексеріп жатқан кезде белгісіз зат жарылған.
Жарақаттанған 19 жастағы жауынгер Раззаков сол жердегі жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.
ҰҚМК-ның баспасөз қызметі оқиға барлық тиісті орындарға хабарланғанын айтты. Тергеу басталған.
Бұған дейін 21 ақпанда шекара қызметі Баткен облысының шекара бекетінде 26 жастағы шекарашы өзінің 21 жастағы әріптесіне оқ атқанын хабарлаған. Жарақат алған жауынгер ауруханада есін жимай қаза болған.
ПІКІРЛЕР