Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Фейсал бин Фархан Әл Сауд 1993 жылдан бері Украинаға алғаш рет барды. Ол Украина президенті Владимир Зелескиймен кездесті. Кездесу жөнінде Зеленский телеграм-арнасына:
"Украинаның тәуелсіздігі мен тұтастығын қолдағаныңызға рақмет" деп жазды.
Киевте өткен баспасөз мәслихатында сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Украинаға 410 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беретінін айтты. "Украина қасіретін жеңілдету үшін еліміз барлық күш-жігерін жұмсайды" деді дипломат.
Эр-Рияд пен Киев мұнай өнімдерін жеткізуді көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.
Бұған дейін корольдік ханзадасы Мұхаммед бин Салман Әл Сауд Украина-Ресей арасында бейбіт келіссөз орнату үшін ара ағайын болуға әзір екенін мәлімдеген. Былтыр қыркүйекте Мәскеу мен Киев тұтқын айырбастағанда, оған Эр-Рияд та қатысқан. Ол кезде Украина жағында соғысып, Ресей қолына түскен бірнеше шетел азаматы Эр-Риядқа жеткізілген еді.
ПІКІРЛЕР