Бүгін, 27 ақпанда таңғы 5.58-де Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жер сілкінісі болған. Бұл ақпаратты Қырғызстан сейсмология институты таратты.
Магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі Ыстықкөл облысының Ешкілітас, Тасқора, Құрғақ айылдарында байқалған. Зардап шеккен адамдар, қираған нысандар жоқ.
25 ақпанда Қырғызстанның Шу облысында магнитудасы 3-ке тең жер сілкінісі болған. Дүмпу Қазақстанның оңтүстік облыстарында да сезілген.
ПІКІРЛЕР