Дүйсенбі күні кешке Белгород қаласына ұшқышсыз басқарылатын бірнеше аппарат құлаған. Жергілікті телеграм-арналар мен Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков үш дрон сынығы табылғанын хабарлаған.
Гладковтың мәліметіне қарағанда, бірнеше үйдің терезесі сынып, көлік зақымданған. Адамдар зардап шекпеген.
Дрондар қай елдікі екені әзірге анықталмаған.
- Белгород – Ресейдің Украинамен шекарадағы облысының орталығы. Ресей әскері Украинаға басып кірген соң, Белгород облысының елді мекендері де жиі атқыланатын болған. Ресей билігі бұған Украина қарулы күштерін кінәлайды, Украина ол жөнінде түсінік берген емес.
- Белгород түбіндегі Ресей қарулы күштері Украинаның Харьков облысы мен оның орталығын ұдайы атқылап келеді.
ПІКІРЛЕР