Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді


Энтони Блинкен.
Энтони Блинкен.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін ол Астанада Орталық Азиядағы бес республиканың сыртқы істер министрлерімен С5+1 форматында кездеседі. "Бұл – Блинкеннің аймаққа Байден әкімшілігінің бас дипломаты ретінде жасаған алғашқы сапары" деп хабарлайды Reuters.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия елдері өкілдерімен келіссөзі Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының бір жылдығына тура келіп отыр. Саясаттанушылардың пікірінше, бұл соғыс Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикаларын өзінің ықпал аймағы деп санайтын Ресей саясатына сынақ тәріздес болған. Reuters жазуына қарағанда, аймақ жетекшілері Орталық Азияны Батыс санкциясынан айналып өту жолы ретінде қарастырып отырған Ресей ықпал етудің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланудан тартынбаған.

Астанаға ұшар алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Twitter-дегі парақшасына "Орталық Азиямен серіктестікті әрі қарай дамыта түсуді күтетінін" жазған.

АҚШ мемлекеттік хатшысының баспасөз қызметі Блинкен Астанада екіжақты қатынастарды тереңдету мәселесін талқылау үшін жоғары лауазымды шенеуніктермен кездесетінін хабарлады. Ол сейсенбі күні "АҚШ-тың Орталық Азиядағы бес республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын растай түсу және ортақ жаһандық мәселелер шешімін бірге іздеу үшін ынтымақтастықты дамыту мақсатында" Орталық Азиядағы бес республиканың сыртқы істер министрлерімен кездеседі.

Блинкен Астанадан кейін Ташкентке барып, Өзбекстан басшылығымен кездеседі. 1 наурызда G20 елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Үндістанға ұшады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG