Ресей президенті Владимир Путин Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға Ресейдегі ең үлкен пәтерді сатып алып берген. Ақша Путиннің Кипрдегі Ermira офшоры арқылы төленген. Бұл "Проект" зерттеу жобасында айтылады.
2600 шаршы метрлік пәтер Сочидегі "Королевский парк" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Онда бассейн, кинотеатр, патио және тікұшақ қонатын арнайы орны бар. Пентхаустың дизайнын Валентин Юдашкин жасаған. 2021 жылы ЦИАН бұл пентхаусты "Ресейдегі ең үлкен пәтер" деп атаған.
"Проекттің" мәліметінше, 2011 жылы пентхаус Олег Рудновтың атына жазылған. Бағасы 90 млн рубль болған.
Зерттеу материалында Руднов бұл пәтерді Кабаеваға сатып алып бергені жазылған. Бұдан бөлек, пентхаустың үстіндегі екі пәтер Кабаеваның әжесі Анна Зацепилинаның атына жазылған.
"Проект" тілшілері сатып алушының кейпіне еніп, осы ауданда үй сататын екі риелтормен кездескен. Олар пентхаус "Кабаеваға тиесілі екенін естігенін" айтқан.
Сонымен бірге Путиннің Валдайдағы резиденциясынан 800 метр қашықтықта 1200 шаршы метрлік зәулім үй салынған. Бұл үй Путиннің досы Юрий Ковальчуктың атына жазылған. Дереккөз бұл үй де Кабаеваға арнап салынғанын айтады.
Зерттеудің мәліметінше, Алина Кабаеваның барлық пәтерінің жалпы бағасы 120 млн доллар болады.
ПІКІРЛЕР