Accessibility links

Бішкек Украина азаматын Беларуське экстрадициялайды. Құқық қорғаушылар шешімді жоюға үндеді


Бішкекте тергеу абақтысында отырған украин азаматы Владимир Кадария Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа ашық хат жолдады. Бұл жөнінде оның адвокаты Автандил Әлімжанов хабарлады.

Ашық хатында ол бұрын Беларусьте Андрей Ковалев деген аты-жөнмен тұрғанын, билік қуғындағаннан кейін, ол жақтан қашып, 2017 жылы Украинадан әуелі босқын мәртебесін, біраз жылдан соң азаматтық алып, аты-жөнін Владимир Кадария деп өзгерткенін мәлімдеген.

Оның жазуынша, Қырғызстан бас прокуратурасы Беларусьтің оны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған. Беларусь билігі оған "компьютерлік мәліметті модификациялау жолымен мүлік ұрлаған" деген айып таққанын хабарлаған.

Адвокат Автандил Әлімжанов Кадария ашық хат жолдағанын растады.

Оның сөзінше, Кадария былтыр тамыз айында Қырғызстанға келіп, қыркүйекте Беларусьтің өтінішімен екі айға қамауға алынған.

Қамауда жатып, Бішкектен босқын мәртебесін беруді өтінген. Былтыр жылдың соңында оған өтініші тіркелді деген түбіртек берілген. Алайда 12 желтоқсанда Бірінші май аудандық соты бас прокуратураның мәліметі негізінде оны экстрадициялау туралы шешім шығарған.

15 ақпанда Бішкек қалалық соты аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссиариатының Орталық Азиядағы өкілі Фабио Пиана және БҰҰ-ның Босқындар агенттігінің Орталық Азиядағы өкілдігінің жетекшісі Ганс Дридрих Шоддер Бішкек билігіне қайырылып, Кадарияны экстрадициялау шешімі халықаралық конвенция мен жергілікті заңдарды бұзып жатқанын және сот шешімін жою керек екенін айтқан.

Әзірше қырғыз президенті ашық хатқа жауап бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG