Accessibility links

Ресейде ұшақ зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты


 Ил-76
Ил-76

Ресейдің Ульяновск қаласындағы "Авиастар" ұшақ құрастыру зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, бес адам жараланды. Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, Ил-76МД әскери-көлік ұшағының корпусын тексеру кезінде жарылыс болған.

Біріккен авиақұрылыс корпорациясының хабарлауынша, құрастыру кезеңдерінің бірінде ұшақ корпусы тексеріледі, ол үшін іші инертті газбен толтырылып, қысым жасалады. 2 наурызда осындай жұмыс кезінде фюзеляжда (ұшақ корпусы) саңылау пайда болған. "Улпресса" басылымының жазуынша, корпустың бітеуіштері ұшып кеткен. 45 жастағы жұмысшы опат болған, аты-жөні айтылмайды.

Ил-76 ұшағы 1975 жылдан бері шығарылып келе жатыр. Бұл – Ресейдегі негізгі ауыр әскери-көлік ұшағы. Желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, "Авиастар" зауыты ашылғалы бері Ил-76МД ұшағының барлығы 17 данасын құрастырған. Бір жылда төртеуден артық ұшақ құрастырылмайды.

XS
SM
MD
LG