АҚШ Украинаға 400 млн доллар көлемінде әскери көмек береді. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
Пакетте дүркіндетіп ататын HIMARS және 155 мм және 105 мм калибрлі артиллериялық жүйеге арналған оқ-дәрі қарастырылған. Бұған қоса, АҚШ Киевке әскери көліктің шассилерін береді.
Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак жаңа әскери көмекте сонымен бірге әскери техника мен жарылғыш құралдар барын айтты.
- АҚШ, Еуропа елдері, Жапония мен Австралия Украинаға ондаған миллиард доллар көмек берген. Көмек беру жағынан АҚШ алда тұр. АҚШ-тан кейін Ұлыбритания, Германия, Канада және Польша бар.
- Әлемдегі ең қуатты армиялар туралы Global Firepower рейтингісінде Украина 15-орынды иеленген. Ол Иран, Израиль, Австралия, Сауд Арабиясы, Испания, Тайвань және Германияны басып озған. Оның алдында Украина армиясы 22-орында болған.
ПІКІРЛЕР