Accessibility links

Саакашвили: Иванишвили Грузияны Путинге беріп жатыр


Қамаудағы Саакашвили. 2023 жыл.
Қамаудағы Саакашвили. 2023 жыл.

Грузияның бұрынғы президенті, "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен алты жылға соттталып, қамауда отырған Михаил Саакашвили немістің Bild басылымына сұхбат берді. Ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалуында "Ресей президенті Владимир Путин шешуші рөл атқарды" мәлімдеді.

Саакашвили өзінің "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы 2012 жылы сайлауда жеңіліп, биліктен айырылғанына Ресейдің астыртын жүргізген аса ауқамды арнаулы операциясы себеп болды дейді. "Олар сайлау алдындағы кампаниясы үшін Иванишвилиге (миллиардер, қазір Грузия билігіндегі "Грузин арманы" партиясының негізін қалаушы) екі миллиард доллар берді" деп есептейді. Оның сөзінше, сайлау алдында грузин миллиардері Ресейдегі активтерін жылдам сатып жіберген.

"Иванишвили Грузияны Путинге беріп жатыр, менің Украинаға оралып, Зеленскийге көмектескенімді қаламайды" деді экс-президент. Саакашвили Украинаның қазіргі президентін "осы заманның Черчилі" деп атады.

Михаил Саакашвилидің сөзінше, өзі 2021 жылы 1 қазанда қамауға алынғаннан кейін қатты азып, салмағы 120 келіден 67 келіге түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG