Accessibility links

2022 жылы Еуропа одағының Ресейге экспорты кейінгі 11 жылда болмаған деңгейде құлдыраған


2022 жылы Еуропа одағы Украинаға басып кіргені үшін Ресейге экспортының үштен екісін қысқартты. Еуропа одағының экспорты 2012 жылдан бері дәл бұлай азаймаған. Мұны Еуростат мәліметтері көрсетіп отыр.

Еуропа одағынан Ресейге экспортталған тауардың жалпы бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайыз азайып, 55,2 миллиард теңге болған. Құрал-жабдық пен автокөлік 59 пайыз, өзге де өндірістік тауарлар 39 пайыз құлдыраған. Ресей орталық банкінің мәліметіне қарағанда, экспорт азайғаны Ресей бизнесіне айтарлықтай соққы болған. Тамақ пен сусын экспорты бұрынғы деңгейде қалған.

Бұл кезде Ресейдің Еуропа одағына импорты бір жылда 24 пайыз өсіп, 203,4 миллиард еуроға жеткен. Бәрінен бұрын энергия тасымалы артып, 42 пайыз ұлғайған. Еуропа одағы санкция салар алында Ресей өзінің мұнайы мен сығымдалған газын еселеп сата бастаған.

Еуростат мәліметіне қарағанда, 2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда, яғни санкция әсер ете бастағанда, Ресейдің жиынтық импорты 53 пайыз азайған.

  • Ресей 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға басып кірді. Оған жауап ретінде АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге түрлі санкция салды.
  • "Коммерсант" басылымының мәліметінше, бір жылда Ресейдің әртүрлі ұйымдары мен мекемелерінің 3 мыңға жуығына санкция салынған. Ресей бизнесіне импортқа қойылған шектеу ауыр тиген: шетел компаниялары шикізат жеткізуден, қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдық беруден бас тартқан.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі онда 1200-ден астам шетел ұйымы жұмысын тоқтатқан. 519 компания Ресейден біржола кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG