Accessibility links

НАТО бас хатшысы: Орыс армиясы Бахмутты жақын арада басып алуы мүмкін


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей әскері жақын арада Бахмутты басып алуы мүмкін деп мәлімдеді. Стокгольмде өткен Еуроодақ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі кезінде НАТО басшысы осылай деп мәлімдеді.

"Ресей өзіне жетіспеген сапаны сан арқылы алмастыруға тырысып жатыр. Олар орасан шығынға ұшырады.... Бұл Ресейдің күшін тым төмендетіп көрсетуге болмайды дегенді көрсетеді. Украинаны қолдай беруіміз қажет" деді Столтенберг.

Оның сөзіне қарағанда, украин күштері үшін Бахмуттағы жеңіліс – соғыстың бетбұрыс кезеңі емес.

7 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Бахмутты ұстап тұру Украина қарулы күштерінің басшылығы қабылдаған тактикалық шешім деп мәлімдеген. Зеленскийдің айтынша, Украина қарулы күштері қаланы қорғап жатқан украин әскері қоршауда қалғанын қаламайды.

Бұған дейін ресейлік "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Бахмутты орыс армиясы басып алды деп мәлімдеген. Бірақ оның мәлімдемесіне дәлел бола алатын тәуелсіз дереккөз жоқ. Украина күштері 8 наурызда қала әлі украин күштерінің бақылауында екенін айтқан. Украина қарулы күштері сәрсенбі күні кейінгі тәулік ішінде қарсылас тараптың 100-ден астам шабуылына тойтарыс бергенін айтқан.

8 наурызда Стокгольмде ЕО қорғаныс министрлері Украинаға құны 1 млрд еуро (1,05 млрд доллар) болатын қару-жарақ жіберуге келісті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG