Accessibility links

Ресей тұрғындарына әскери комиссариаттан шақыру қағазы келіп жатыр


Әскери комиссариат
Әскери комиссариат

Ресейдің 30-дан астам өңірінде тұрғындар әскери комиссариаттан шақыру қағаздарын ала бастаған. Ақпаратқа қарағанда, резервте тұрған ер адамдарды әскери комиссариатқа барып, әскери тіркеу мәліметтерін нақтылап кетуге немесе әскери іріктеуге шақырған. Заңгерлердің айтуынша, мұны мобилизацияның "екінші толқыны" деп атауға болмайды.

Astra телеграм-арнасының есебінше, 33 өңірде тұрғындарға шақыру қағазы берілген. Мұндай шақыруды әскери борышын өтеу мерзімі шегерілген жоғары оқу орындарының студенттері де алған.

"Агора" құқық қорғау тобының адвокаты Павел Чиков шақыру қағаздарын жаппай таратуды "мобилизацияның екінші толқыны" деп атауға болмайды деп есептейді. Оның сөзінше, әскери комиссариат азаматтарға егер олар тұрақты мекенін немесе отбасы жағдайын өзгертсе, шақыру қағаздарын тапсыра алады. Чиковтің сөзінше, дегенмен әскери іріктеу туралы хабарламалар түрлі сұраққа жетелейді. Әскери іріктеу жүргізу үшін президент Владимир Путиннің жарлығы керек. Әзірге мұндай жарлық шықпаған.

  • Бұған дейін Ресей билігі мобилизацияның екінші толқыны болмайды деп мәлімдеген. Алайда Путиннің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі мобилизация жүргізу туралы бұйрығының күші жойылмаған.
  • Ресейде 1 сәуірден бастап әскери борышын өтеу жасына жеткен азаматтар әскерге алынады. Бұған қоса, қорғаныс министрлігі жалдамалы қызметкерлерді де әскерге ала бастайтынын хабарлаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әскер шамамен 400 мың адамға толығуға тиіс.
  • Қаңтарда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу алдағы үш жылда орыс әскерінің санын 1,5 млн адамға дейін ұлғайту қажет екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG