Accessibility links

Ресей ірі порносайттар арқылы адамдарды соғысқа тартып жатыр


Әлемнің ең ірі Pornhub порносайтында Ресейдегі "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жарнамасы жарияланды. Бұл жөнінде ақпаратты бірнеше телеграм-арна хабарлады.

Роликтегі жарнамада дөрекі лексика бары айтылады. Онда "ЧВК "Вагнер" Ресейдің барлық аймағынан сарбаздар жинап жатқаны" айтылған. Онда жарияланған телефон нөмірлері расында да жеке әскери компанияға тиесілі болып шыққан.

  • "ЧВК Вагнер" ("Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы) – Ресейдің бейресми әскери бөлімшесі. Бұл бөлім әскери құрылымдардың балансы мен заңды тұлғалардың реестрінде жоқ. Бірақ оның жауынгерлері Сириядағы, Африка елдері мен Украинадағы соғыс әрекеттеріне қатысып жүр.
  • Былтыр көктемде Ресей армиясы Украина аумағында бірнеше рет жеңіліске ұшыраған соң, "Вагнер" Ресей түрмелеріндегі тұтқындарды соғысқа тартып, Украинаға жібере бастаған. Соғысқа тартумен Владимир Путинге жақын кәсіпкер, "Вагнерді" құрушылардың бірі Евгений Пригожиннің өзі айналысқан. Ол елдегі ондаған түрмені аралап, тұтқындарға соғысқа қатысуды үгіттеген. Пригожин "Вагнерді" құрғанын 2022 жылы қыркүйекте ғана мойындаған.
  • Соғысқа баруға келіскен тұтқындар жарты жыл бойы әскери қимылдардың алдыңғы шебінде болуға тиіс. Оларға шегінуге, тұтқынға берілуге қатаң тыйым салынған. Жарты жылдан кейін аман қалған тұтқындарға рақымшылық уәде етілген. Ол заң жағынан қалай рәсімделетіні белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG