Accessibility links

Польша президенті Украинаға жойғыш ұшақ жіберетінін мәлімдеді


Польша Украинаға таяу күндері совет заманында жасалған төрт МиГ-29 әскери жойғыш ұшағын жібереді. Бұл жөнінде 16 наурызда Польша президенті Анджей Дуда баспасөз мәслихатында айтты.

Дуда Чехия президенті Петр Павелмен кездескеннен кейін осындай шешімге келгенін жеткізді. Жойғыш ұшқыштарды 1995 жылы Чехия Польшаға берген. Ашық дерек бойынша, Польшада қазір 28 МиГ-29 ұшағы бар. Дуданың сөзіне қарағанда, қазір оның 16-сы жұмыс істеп тұр.

Украина соғыс басталғалы бері осы МиГ-29 жойғыш ұшағын пайдаланып келеді. World Air Forces 2022 мәліметінше, Украинада мұндай 51 ұшақ болған. Қазір оның кем дегенде 18-і соғыс барысында қираған болуы мүмкін.

Словакия да дәл осындай техникаларды Украинаға жіберуге дайын екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG