Accessibility links

"Душанбе-Моторс" еңбек мигранттарын Оңтүстік Кореяға жібереді


Оңтүстік Корея. Күріш алқабындағы жұмысшылар.
Оңтүстік Корея. Күріш алқабындағы жұмысшылар.

Тәжікстандағы "Душанбе-Моторс" компаниясы 3 мыңнан 10 мыңға дейін еңбек мигрантын Оңтүстік Кореяға жібере алатынын хабарлады.

"Душанбе-Моторс" компаниясы Оңтүстік Кореядан түрлі брендтегі автокөліктерді жеткізумен айналысады. Енді компания осы елге жыл сайын 3 мыңнан 10 мыңға дейін тәжік азаматтарын жұмысқа жібере бастайтынын хабарлады.

Тәжік еңбек мигранттарының алғашқы тобы Оңтүстік Кореяға сәуір айында аттанады. Бұл туралы компанияның бас директоры Ли Хвансу хабарлады.

"Оңтүстік Кореяға" жұмыс күші керек. Тәжікстанда азаматтар жалақының аздығына шағымданады. Сол себепті біз жұмыс істегісі келетіндерді Оңтүстік Кореяға жібере бастаймыз" дейді "Душанбе-Моторс" басшысы.

Тәжікстандықтар Оңтүстік Кореяда жарты жыл жұмыс істейді. Ли Хвансудың айтуынша, көші-қон заңдарын бұзбағандар тағы да жұмысқа шақырту алуы мүмкін.

Тәжікстан мен Оңтүстік Корея еңбек миграциясын заңдастыру туралы үкіметаралық келісім дайындап жатқаны бірнеше жыл бұрын мәлім болған.

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын еңбек мигранттары екі апта дайындық курсынан өтеді.

Мәліметтерге қарағанда, Оңтүстік Кореяда қазір 5 мыңнан астам тәжік мигранты жұмыс істеп жүр. Олардың кейбірі Samsung және Hyundai секілді ірі компанияларға жұмысқа орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG