Жексенбі күні сағат 16.00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылар тізіміндегі азаматтардың 52,98 пайызы сайлау бюллетенін алған деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК дерегіне сәйкес, ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелген – 64,9 пайыз. Қостанай облысында бұл көрсеткіш – 64,8 пайыз, Жамбыл облысында – 64,7 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 63,6 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 63 пайыз.
Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында – 19 пайыз. Астанада тізімдегі сайлаушылардың 38,5 пайызы сағат 16.00-ге дейін сайлау бюллетенін алған. Шымкентте бұл көрсеткіш 42,3 пайызға тең.
Өзге өңірлерден келіп түскен деректер мынадай:
- Ұлытау облысы – 58,2 пайыз;
- Павлодар облысы – 58,4 пайыз;
- Қарағанды облысы – 58,2 пайыз;
- Маңғыстау облысы – 53,8 пайыз;
- Батыс Қазақстан облысы – 58,6 пайыз;
- Түркістан облысы – 49,1 пайыз;
- Алматы облысы – 59,4 пайыз;
- Жетісу облысы – 54,8 пайыз;
- Ақмола облысы – 58,9 пайыз;
- Ақтөбе облысы – 56,3 пайыз;
- Абай облысы – 55,2 пайыз;
- Атырау облысы – 48,1 пайыз.
Сайлау заңы бойынша, дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқталады. Одан соң сайлау учаскелерінде бюллетень санау басталады. Мәжілістегі 98 депутаттың 29-ы бірмандатты округтер бойынша, қалғаны партиялық тізім бойынша сайланады. Бұл жолғы сайлауда жергілікті мәслихаттарға 3415 депутат сайланбақ.
Прокуратура жексенбі күні сайлау учаскелері ашшылған сәттен бастап қазіргі кезге дейін сайлау заңы талаптары бұзылғаны туралы 25 арыз түскенін хабарлады. Байқаушылар сайлау учаскелерінен шығарып жіберу, сайлау бюллетеньдерін топтап тастау, бір адамның бірнеше сайлау учаскесінде дауыс бергені сияқты фактілер тіркелгенін айтып отыр.
ПІКІРЛЕР