Accessibility links

АҚШ әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы есебін жариялады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығы туралы 2022 жылға арналған баяндамасын жариялады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен көпшілікке таныстырған баяндамада әлем бойынша 198 мемлекеттегі адам құқығының ахуалына талдау жасалған.

Баяндамада Қазақстан билігі саяси оппоненттері мен сын айтушыларды жиі ұстап, қамайтыны, кейде рұқсат етілмеген жиын өткізу секілді болмашы шара заңсыз екенін сылтау қылатыны айтылған. 2022 жылы елде бейбіт митинг өткізу бұрынғысынша қатты шектелді, кенеттен өткізілген акциялар заңсыз деп танылып, билік рұқсат етпеген жиындарға қатысқан және ұйымдастырған адамдарды тұтқындап, айыппұл салды делінген есепте.

Жергілікті билік орындары шетін саяси тақырыптарға митинг өткізгісі келген адамдарды алалап, көбіне "кезек күттірмейтін" жөндеу жұмыстарын өткізу керек деген немесе олар жиынға сұраған жерде басқа шара өтеді деген сылтаумен келісім бермей қояды. Жалғыз адам пикетіне шыққандарды қудалап, айыппұл салады.

Құқық қорғаушылар, белсенділер мен олардың отбасы мүшелері басқан ізін үкімет үнемі қадағалайтынын айтып шағымданған.

Баяндамада Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан қарақалпақ белсенділері "жекелеген я кейде тіпті барлық жағдайда" Өзбекстан үкіметінің сұрауы бойынша және өзбек күш құрылымдарының белсенді түрде араласуымен ұсталып, тұтқындалғаны туралы да айтылған.

Қаңтардың басында бірнеше қалада бейбіт басталған наразылық акцияларына элита ішіндегі айқын дүрдараздық салдарынан қылмыстық элементтер араласып кетіп, ақырында әкімшілік ғимараттарға, күш құрылымдары мен маңызды инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалып, дүрбелеңге ұласқанын атап көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG