Accessibility links

АҚШ Конгресінде TikTok-қа тыйым салу бойынша тыңдау өтіп жатыр


АҚШ Конгресінде TikTok-тың бас директорының қатысуымен тыңдау өтіп жатыр. Ол өкілдер палатасына бұл әлеуметтік желінің америкалықтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.

АҚШ-та TikTok қосымшасын 150 миллион адам қолданады. Конгресс Қытай билігінде желіге тіркелген америкалықтардың жеке мәліметі сақтаулы ма, осыны білгісі келеді. Егер анықталса, АҚШ аумағында бұл видеоплатформаға тыйым салынады.

Конгресте сөз сөйлеген TikTok-тың бас директоры Шоу Цзы Чу жеке мәліметтің жарияланып кетуі мүмкін емес екенін, "үшінші мемлекет" компанияға мониторинг жүргізе алатынын жеткізді.

2023 жылғы наурыздың аяғында америкалық шенеуніктерге TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салу жөнінде заң күшіне енеді. Дәл осындай тыйымды бұған дейін Ұлыбритания шенеуніктеріне және Еуропарламент депутаттарына енгізген.

АҚШ-та Федерациялық тергеу бюросы мен әділет министрлігі TikTok тіркемесі тиесілі ByteDance компаниясын тексеріп жатыр. Осыған дейін ByteDance компаниясы тәуелсіз журналистерді бақылауға алу үшін жеке мәліметті қолданған. Бұл оқиға жария болып кеткеннен кейін ByteDance бірқатар қызметкерін жұмыстан шығарды. АҚШ бұл компания Қытай билігімен ымыралас деп күдіктенеді.

Пекин АҚШ-ты TikTok-ты Америка нарығынан шығарғысы келеді деп айыптайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG