Accessibility links

Солтүстік Еуропа елдері әскери-әуе күштерін біріктіреді


F/A-18 Hornet фин жойғыш ұшағы Arctic Challenge жаттығуы кезінде.
F/A-18 Hornet фин жойғыш ұшағы Arctic Challenge жаттығуы кезінде.

Швеция, Норвегия, Финляндия және Дания әскери-әуе күштерін біріктіруге ынта білдіріп, келісімге қол қойды. Солтүстік Еуропа елдері 250 жойғыш ұшақты, әуе шабуылынан қорғайтын және барлау жүйелерін бірігіп пайдаланады.

Дания әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ян Дам Reuters агенттігіне мұндай шешім Ресейдің Украинадағы соғысы тұсында қабылданғанын айтты. Солтүстік елдері Ресейден туындайтын қауіпке қарсы тұру үшін де ынтымақтастық орнатады.

"Біздің ортақ [әуе] флотымызды Еуропаның ірі елінің авиациясымен салыстыруға болады" деді Дам.

Келісімге Германиядағы Рамштайн әскери базасында қол қойылды. Келісімге қол қою рәсіміне НАТО әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер де қатысты.

  • Солтүстік Еуропа елдері өзара тығыз саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан. Алайда әскери-саяси қатынаста олардың мәртебесі әртүрлі. Дания 1949 жылдан бері НАТО-ға мүше.
  • Финляндия мен Швеция бұған дейін бейтараптық ұстанып келген. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін екеуі де НАТО-ға мүшелікке өтініш берді. Норвегия да НАТО-ға мүше, бірақ ол Еуроодақ құрамында емес.
XS
SM
MD
LG