Accessibility links

Украина жауынгерлері Ұлыбританиядан Challenger 2 танкісін басқаруды үйреніп қайтты


Ұлыбританияның Bovington Camp әскери базасында жүрген украин танкистері.
Ұлыбританияның Bovington Camp әскери базасында жүрген украин танкистері.

Украина жауынгерлері Ұлыбританияда Challenger 2 танкісін айдауды үйреніп, елге оралды. Бұл жөнінде The Guardian басылымы Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне сүйеніп хабарлады. Бұл танкистер Украинаның қарсы шабуылына қатысуы мүмкін.

"Украина жауынгерлері танкіні айдау, басқару, экипажбен жұмыс істеу, нысананы дәл көздеу дағдылары бойынша сабақ алған" деп жазады "Настоящее время".

Украина танкистеріне Challenger 2 танкісі биыл қаңтардың соңында үйретіле бастаған. Ұлыбритания үкіметі мұны "кейінгі алты айда Британияда әзірліктен өткен бірнеше мың украин жауынгеріне арналған бағдарламаның бір бөлігі" деп атады.

Жарты жылда Британия инструкторлары 10 мыңға жуық украин жауынгерін дайындықтан өткізген. 2023 жылғы қаңтардан бері Ұлыбритания тағы да 19,2 мың украин солдаты мен офицерін оқытпақшы.

Биыл қаңтарда Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Киевке 14 Challenger 2 танкісін беретінін жариялаған, украин жауынгерлері сол кезде-ақ Британияға келген. Украина елшісі Вадим Пристайконың айтуынша, Владимир Зеленскийдің Лондонға сапарынан соң Ұлыбритания Киевке беретін танкілерін 28-ге жеткізген.

Ұлыбритания – Украинаға танк беретінін жариялаған алғашқы ел. Лондоннан кейін Вашингтон мен Берлин де осындай ұйғарымға келген. Германия өзі жасаған танкілерді өзге елдердің реэкспорттауына да рұқсат еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG