27 наурызда кешкісін Украинаның бірнеше облысында әуе дабылы қағылған. Киев пен оның төңірегіндегі тұрғындарға дронмен шабуыл жасалуы мүмкін деген ескерту жасалған.
Украинаның УНИАН ақпарат агенттігі Киев облысы әкімшілігінің халықты қауіпсіз жерге тығылуға шақырған үндеуін жариялады.
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та халықты әуе шабуылынан сақтануға шақырған.
Сағат 22.30-да (Астана уақытымен 1.30) Киевте және Киев, Чернигов, Сумы, Запарожье, Днепропетровск облыстарында әуе дабылы ойнаған. Херсон және Житомир облыстарында да дабыл қосылған.
Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы бас қолбасшы ставкасының отырысын алғаш рет Киевтен өзге жерде, Днепрде өткізді. Бұл жөнінде Зеленскийдің өзі видеоүндеуінде айтты.
Зеленскийдің сөзінше, жедел әрекет командирлері неғұрлым ауыр ұрыс қимылдары өтіп жатқан аймақтардағы жағдай жөнінде баяндаған. Зеленский Бахмуттағы тиімді жұмысы үшін Украинаның барлау қызметіне алғыс айтты.
Славянск және Донецк облыстарындағы зымыран соққысының салдарынан 27 адам жараланған.
ПІКІРЛЕР