Accessibility links

Солтүстік Корея атмосферада ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея "Жер-жер" класындағы тактикалық баллистикалық зымыранды қолданып, ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы КХДР Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, жарылыс Пхеньянның шығыс жағында болған. Шартты нысана ретінде Хамгён-Пукто провинциясының теңіз жағалауы көзделген. Ядролық жарылыс имитациясы 500 метр биікте жасалған.

Жапония қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран атты деп хабарлағанын Kyodo атап өткен. Зымырандар максимум 50 шақырым биікте 350 шақырымға дейін ұшқан.

Жыл басынан бері Солтүстік Корея осымен оныншы рет зымыран ұшырып отыр. Оның сегізі – баллистикалық зымыран.

  • 2022 жылы Солтүстік Корея өте алысқа жететін барлығы 70 зымыран ұшырған. Осы жаттығулар кезінде Пхеньян Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарай ұдайы зымыран атқылаған.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран мен ядролық қару бағдарламасына тыйым салған. Алайда Пхеньян мұндай қару-жарақ "Вашингтон мен оның одақтастарының қаскөй саясатына қарсы пайдалану үшін керек" деп есептейді.
  • Биыл қаңтардың аяғында АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлері бірлескен жаттығу бағдарламасын ұлғайта түсуге уағдаласқан. Екі тарап F-22, F-35 жойғыш ұшақтары мен ядролық қозғалтқышпен жүретін авиакеме жеткізіп, аймақта АҚШ-тың ықпалын күшейте түскісі келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG