Accessibility links

Қазақстанда 20 жыл құжатсыз тұрып келген қырғыз әйелі еліне оралды


56 жастағы М.К.Ш есімді әйел Қазақстанда 2003 жылдан бері жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып келген. Ол елге оралды деп хабарлады 30 наурызда Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қырғызстанның шетелдегі елшіліктері азаматтардың өтінішін тыңдап, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға тырысады" деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығы мен "Жаш Муун" диаспорасының өкілдері 1967 жылы туған М.К.Ш. есімді азаматты Қырғызстанға қайтаруға көмектескен.

Ол Қазақстанда қиын жағдайға тап болып, 2003 жылдан бері құжатсыз күн кешіп келген. Әйелмен бірге оның 2008 жылы туған Ж.А.Э. есімді кәмелет жасына толмаған баласы да еліне қайтты.

Қырғызстан мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, бұған дейін Қазақстанда тіркеусіз өмір сүрген қырғыздарды құлдыққа алу оқиғалары кездескен. Тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының зерттеуіне қарағанда, құлдыққа тап болған қырғызстандықтардың 70 пайызы – еңбек мигранты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG