Accessibility links

АҚШ: Қытай Ресейде YouTube-ті бұғаттауға көмектеседі


Мәскеу 2023 жылдың аяғында Ресейде YouTube видеохостингісін толық бұғаттамақ. Бұған Қытай техникалық жағынан көмектеседі. Ресейдің "Октагон" сайты дереккөзге сілтеме жасап, осылай деп хабарлады.

Қытай басшысының ресми сапарынан кейін 41 қытайлық техник маман Ресейге барған. Олар Ресейде осы жылдың аяғына дейін YouTube сервисін түгел бұғаттамақ.

YouTube Қытайда 2009 жылдан бері ашылмайды.

Қытай интернет еркіндігі жөніндегі индексте ең соңғы орындарда тұр.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін YouTube осы желідегі Кремль бақылайтын БАҚ-ты және Ресей билігі насихатын жүргізетін блогерлердің арналарын жапқан. Мәскеу мұны цензура деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG