Accessibility links

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыс туралы: Қазақстанның өз ұстанымы бар


The building of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan in Astana. Photo from the website of the MFA of the RK
The building of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan in Astana. Photo from the website of the MFA of the RK

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко немістің Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта келе, "республика Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да көзқарасын ұстанбайды" деп мәлімдеп, Қазақстанның көпвекторлы саясаттан айнымайтынын атап өткен.

Оның сөзінше, Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты ұстанымын нақты белгілеп алған.

"Ол – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы құрметтелуге тиіс деп көрсетілген БҰҰ жарғысы. Оның ішінде, әрине, Украина да бар. Бұл ұстаным барлық серіктесімізге түсінікті. Біз Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да ұстанымын алға шығармаймыз. Біз Қазақстаның ұстанымындамыз, сыртқы саясатымыздың негізінде өзіміздің ұлттық мүддеміз жатыр" дейді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Оның сөзінше, Қазақстан "Қытай ұсынған 12 пункттен тұратын "бейбіт жоспарға" да қолдау білдірген. Министрдің орынбасары "егер осы жоспар немесе халықаралық қауымдастықтың өзге де күш-жігері қантөгісті тоқтатып, жанжалды дипломатиялық жолмен реттеуге мүмкіндік туғызатын болса, тек қуанамыз. Екі тарап қажет етсе, өз рөлімізді атқаруға дайынбыз" деген.

Қазақстан Ресейдің Украинаға ашқан соғысын ресми түрде айыптамаған, бірақ Украинаның аумақтық тұтастығын мойындаған.

Биыл ақпанда БҰҰ-ға мүше елдер Ресей әскерін Украинадан әкетуге тиіс деген мәселе бойынша қарарға дауыс бергенде, Қазақстан қалыс қалған.

Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де елдерінен Батыс Ресейдің санкциядан айналып өтуіне жол бермеуді сұраған. Бұған дейін Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕБРР) былтыр Қазақстан, Қырғызстан мен Арменияның Батыс елдерінен импорты айтарлықтай өсіп, Ресейге экспорты күрт күшейгенін хабарлаған. Бұл банктің сараптамасына қарағанда, аталған елдер Ресей мен Батыс арасында экономикалық делдал ретінде пайдаланылып отырған болуы мүмкін.

Наурыздың аяғында Еуропа одағының санкция жөніндегі арнаулы өкілі Дэвид О’Салливан Ресейге санкцияны қолдамаған елдер санкцияны айналып өтетін құралға айналмауы керек деп, Еуропа одағының Ресейге 10 пакет санкция салғанын ескерткен.

Астана "өз жерінің санкцияны айналып өтуге пайдаланылмайтынын" әлденеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG