Accessibility links

ҰҚК Күдебаев шекарадан тау арқылы өтіп кеткен болуы мүмкін дейді


 Серік Күдебаев (ортада). 2015 жылғы видеодан скриншот.
Серік Күдебаев (ортада). 2015 жылғы видеодан скриншот.

Арнайы топ генерал-майор Серік Күдебаев шекараның қай жерін кесіп өткенін анықтап жатыр деп мәлімдеді 5 сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің төрағасы Ерлан Алдажұманов.

Оның сөзінше, ҰҚК шекара қызметі Күдебаев елден қашып кеткенін білмеген, себебі ол шекара бекетінен өтпеген.

– Ол қашып кеткен-кетпегенін білген жоқпыз. Ол мемлекеттік шекараны ресми пункттер арқылы кесіп өткен жоқ, – деді Ерлан Алдажұманов.

Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген шенеунік Қырғызстанмен арадағы шекараның ұзындығы 1257 шақырым екенін еске салды.

– Алматы бағытында бізде Алатау тауы бар. Менің ойымша, бұл бағытта күзет болмағандықтан, егер іздесе, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге мүмкіндік бар. Соны анықтау үшін тексеріс жүріп жатыр, – деді Алдажұманов.

Оның сөзінше, Күдебаев кесіп өткен жерді табу үшін ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен тобы құрылған. Өзге мемлекеттік органдар жанынан да іздеу топтары ашылған. "Шамамен 300 адам, алты шекара бекеті жұмылдырылған" деді Алдажұманов.

Істі болып, елден қашқан генерал Күдебаев кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:24 0:00

Алматы облысы полиция департаментінің 58 жастағы бұрынғы бастығы Серік Күдебаев – Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған құқық қорғау қызметкерлерінің бірі. Бұған дейін сот оған халықаралық іздеу жариялаған. Талдықорған соты оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан. Соттың ақпаратынша, генерал-майор қазақ-қырғыз шекарасын 23 наурызда кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Қырғызстанның мемлекеттік органдары ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысындағы комендатураға жауапты болған Күдебаев 2022 жылы 18 ақпанда "өз еркімен" қызметінен кеткен. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасы аты-жөнін атамай, күш құрылымдарының бірнеше өкілі "Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстық полиция және ҰҚК департаменттері ғимараттарын тастап кеткені үшін" күдікті деп танылғанын айтқан.

Прокурор жарыссөзде "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Күдебаевты 9 жылға соттауды сұраған. Адвокаттары сотта Күдебаев қайда екенін білмейтінін айтқан. Бұған дейін адвокаттары генерал ауруханаға түскенін де хабарлаған. Олардың сөзінше, Күдебаевтың жеке клиникаға түскенін дәлелдейтін құжаттары болған.

XS
SM
MD
LG