Accessibility links

NYT: Пентагон Украина шабуылына қатысты құпия құжатты жария еткендерді іздестіріп жатыр


Америкалық HIMARS реактив жүйесі. Украина қарулы күштері бас қолбасшылығының суреті. 4 шілде, 2022 жыл.
Америкалық HIMARS реактив жүйесі. Украина қарулы күштері бас қолбасшылығының суреті. 4 шілде, 2022 жыл.

Пентагон украин армиясының қарымта шабуылы қарсаңында Украинаға көмек беру жоспары туралы құпия құжатты жариялаған адамдарды іздестіріп жатыр.

Материалдар жақында Twitter мен Telegram-да жарияланған деп хабарлады New York Times газеті Джо Байден әкімшілігіндегі лауазымы жоғары қызметкерге сілтеме жасай отырып.

Құпия материалдарда шабуылға дайындалып жатқан украин әскери бөлімдерінің құрамы мен қару-жарағы, әскери техника мен қару-жарақты жеткізу кестесі туралы мәлімет бар.

New York Times құпия құжаттар жарияланып кетуін Ресей барлау қызметінің соғыс басталған уақыттан бергі ең ірі олжасы деп атады. Газет дереккөзі құпия материалдағы деректердің кейбірі ескіріп кеткенін, онда наурыздың басындағы жағдай сипатталғанын айтты. Дегенмен Мәскеу осы мәліметтерден біршама пайдалы ақпарат жинай алады. Мысалы, HIMARS зымыран жүйесінің жарақтары қаншалықты тез таусылатыны туралы мәлімет бар.

Соғыс басталған уақытта Киев әскери жоспарын Вашингтонмен бөліскісі келмеген, мәліметті үшінші тарап біліп қоя ма деп қауіптенген.

Кейінгі айларда екі ел арасында әскери жоспар құру бойынша ынтымақтастық артқан. Құпия құжаттардың жария болуы мұндай байланысқа кері әсер етуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG