Украина әскері Ресей күштері басып алған Запорожье АЭС-ін азат етуге тырысты, алайда бекіністі бұзу сәтті аяқталған жоқ. Бұл жөнінде британиялық Times басылымы жазды.
Басылымның ақпаратына қарағанда, былтыр 19 қазанға қараған түні шамамен 600 украин жауынгері 30 қайықты Днепр арқылы асырып жіберуге тырысқан. Бірақ ресейліктер қорғанысты қатты күшейтіп, әскери техника жұмылдырған. Шабуылдаушы тарап мұны күтпеген.
"Біз жақындай бастағанда, олар танкілер мен артиллерия әкеліп, судың үстіндегі бізді атқылай бастады" деді аты-жөнін атамаған украин әскери қызметкері британ журналистеріне.
Арнайы жасақ қайықтары Днепрден өткенше, украин әскері ресейліктердің позициясын атқылап отырған.
"Нәтижесінде украин әскерінің шағын тобы ғана жағалауға жете алған. Олар Энергодар маңында орыс армиясымен үш сағат атысқан, бірақ шегінуге мәжбүр болған" деп жазды Times.
Журналистердің айтуынша, АЭС-ті басып алуға тырысу радиация қаупіне байланысты тіпті Запорожье АЭС-ін Киев бақылауына қайтару қажет екеніне сенімді украин шенеуніктерінің өзін ойлантқан.
"Энергодар" жетекшісі Петр Котиннің сөзінше, станцияны Украинаға атқылаусыз қайтарудың жалғыз амалы – украин әскерінің Қырым мен Мелитопольге жылжуы.
Киев пен Мәскеу Times-тағы мақалаға қатысты түсінік бермеді.