Accessibility links

Bloomberg: Лондон Абрамовичтің ақшасын Украинаға аударуды кешіктіріп жатыр


Ресейлік олигарх Роман Абрамович.
Ресейлік олигарх Роман Абрамович.

Лондон ресейлік олигарх Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубын сатудан түскен 3 млрд доллар қаражатын Украинаға көмек қорына жіберуді кешіктіріп жатыр. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады.

Қор жетекшісі Майк Пенроуздің сөзіне қарағанда, Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында және Ұлыбританияның өз ішінде саяси келісімге қатысты мәселелер бар.

Bloomberg дереккөздерінің бірі ақша қорға түсу үшін өтінішті әуелі Ұлыбритания қаржы министрлігі мақұлдауы керек деді. Мақұлдау процесіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін, себебі министрлік қор ақшаны санкцияны айналып өту үшін пайдаланбайтынына көз жеткізуге тиіс.

  • "Челси" бойынша келісімге қол қойылғаны былтыр жылдың басында хабарланып, мамыр айында аяқталған. Клубты америкалық инвестор Тодд Боли жетекшілік ететін консорциум 4,25 млрд фунтқа сатып алған. Сатудан түскен қаражат арнайы банк шотына салынып, бұғатталған.
  • Қор құру идеясын Абрамовичтің өзі айтқан. Былтыр ақпанда Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін миллиардер санкцияға ілінген.
XS
SM
MD
LG