Жаңаөзеннен тұрақты жұмыс талап етіп келіп, Астанадағы энергетика министрлігі алдында наразылық білдіріп тұрған мұнайшыларды 11 сәуірде кешкісін полиция мен арнайы жасақ күштеп ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстандағы адам құқығы бюросының Астанадағы өкілі Артур Алхастов хабарлады. Наразыларды ұстау сәтінен Власть сайтының телеграм-арнасы видео жариялады.
Алхастовтың Азаттыққа айтуынша, наразыларға алдымен қала әкімдігінің өкілдері келіп, наразылық шарасы заңсыз екенін ескертіп, тарауды талап еткен. Жұмысшылар барар жеріміз жоқ деген. Біраз уақыттан соң арнайы жасақ пен полиция келіп, энергетика министрлігі алдындағы наразылардың бәрін ұстап әкеткен.
Власть сайты таратқан видеода наразылар арнайы жасаққа қарсыласқаны көрінеді.
Кеше, 10 сәуірде Маңғыстау облысынан 80-нен астам адам Астанаға мұнай компаниясынан жұмыс талап етіп келген еді. Олар энергетика министрлігі кеңсесі алдында түнеп шыққан. Жаңаөзендіктерге министрліктен ешкім шықпаған.
Наразылар "ҚазМұнайгаз" бен "Өзенмұнайгазға" қызмет көрсететін "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнында жұмыс істеген. Таяуда олар жұмыстан қысқарып қалған. Себебі "ҚазМұнайГаз" ұйымдастырған тендерде "БерӘлі Маңғыстау Company" жеңіліп, "Кезби" және Ai-Bis компаниялары жеңген.
"ҚазМұнайГаз" компаниясы наразыларға жалақыларын сақтай отырып, Кезби" және Ai-Bis компанияларынан жұмыс ұсынған. Алайда наразылар бұл ұсынысқа келіспей, "тоғыз айдан соң тағы тендер өтіп, тағы да жұмыссыз қаламыз, бізге тұрақты жұмыс керек" деген еді.
11 сәуірде кешкісін мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи, Мақсат Толықбай және Ринат Зайытов министрлік алдындағы наразыларға барған. Наразылардың бірі депутаттарға "Жаңаөзенге келіп, ауылды аралаңдар, шіріп жатыр" деп жағдайлары нашар екенін айтқан. Ал Зайытов наразыларға "мәселе кабинетте шешіледі, бірақ бұл жерде тұрғаны процесті жылдамдатады" деген.
"Бізге жұмыс керек!" Астанаға келген жаңаөзендік мұнайшылардың билікке талабы
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады

– Адамдар көрпе-төсек пен шатыр алып келген. Олардың негізгі мақсаты – өзіне назар аударту. Жергілікті әкімдік пен "Өзенмұнайгаз" компаниясы не істегенін білмейсіздер ғой. Оларға балама жұмыс ұсынған. Біз өз мүддесі үшін осы азаматтарды пайдаланып, тендер конкурсының заңды нәтижесіне қарсы шыққан жеке компания басшылары емес, қарапайым адамдар туралы айтып отырмыз. Ал қарапайым азаматтар мүддесін біз мейлінше қорғадық. [Наразыларға] алдыңғысынан кем түспейтін ұсыныс айтылды. Бірақ көбі одан бас тартты. Ақыры энергетика министрлігі алдына пикетке шығу туралы шешімге келген. Келіссөз болады, – деді министр 11 сәуірде үкімет отырысынан соң журналистерге.