Accessibility links

Өзбек билігі үйсіз әйелдерге "барақ" алу куәлігін тапсырды


Жағдайы нашар әйелдерге берілген тұрғын үй куәліктерінің бірі.
Жағдайы нашар әйелдерге берілген тұрғын үй куәліктерінің бірі.

Өзбекстанда Наманган облысының басшысы Шавкат Әбдіразақов наурызда 110 әйелге "президент сыйлығы" ретінде тұрғын үй куәліктерін тапсырған. Алайда ондаған әйелдің екеуі ғана жаңа үй алған, қалғандарына тұруға жарамсыз барақтар тиген.

Наманган облысының басшысы Шавкат Әбдіразақов салтанатты кеште тұрмысы нашар әйелдерге материалдық көмек беру үшін мемлекет миллиардтаған сум бөлгенін, бірақ оның көп бөлігі бірреттік материалдық көмек ретінде берілетінін айтты.

Содан кейін Әбдіразақов тұрмысы нашар әйелдерге тұрғын үй куәліктерін тапсырды.

Содан бері бір жарым ай өтті. Әкімнің қолынан "куәлік" алған әйелдердің қуанышы су сепкендей басылды.

Гүлчехра Омонованың айтуынша, оған құлағалы тұрғын үйді ұсынған. Қазір ол ескі үйге де келісуге мәжбүр, өйткені баратын жері жоқ.

– Бірақ ескі үйді де бермей отыр. Апта сайын барамын, ана құжат жоқ, мына құжат жоқ деп жолатпайды. Уақыт өте келе мені де ұмытып кете ме деп қорқам. Өйткені алдап жүргеніне үш жыл болды, – дейді ол.

Шахноза Давидованың айтуынша, тұрмысы нашар әйелдерді баспанамен қамтамасыз етуге "республикадан 100 миллион сум" (шамамен $9 мың) бөлінген.

– Соның 96 миллион сумы ($8400) біздің атымызға түскен. Енді олар бізге 50-60 миллион сум ($4,5 мың-$5 мың) тұратын барақ алыңдар деп, суреттерін Telegram арқылы жолдап отыр. Бұл үйлерде тұру мүмкін емес. Таныс екі әйелге жаңа үй берді, ал бізді бараққа кіргізбек, – дейді Шахноза Давидова.

2021 жылғы желтоқсанда Өзбекстан үкіметі "Тұрмыс жағдайы нашар әйелдерді баспанамен қамтамасыз ету туралы" қаулы қабылдаған. Құжатқа сәйкес, бүкіл республика бойынша 1000 пәтер алу қарастырылған. Алайда, тұрғындардың айтуынша, жағдайы нашарлар тұрады деп салынған үйлерге жергілікті басшылардың туыстары мен жақындары кіріп алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG