Accessibility links

Жапонияда біреу премьер-министрге жарылғыш зат лақтырды. Зардап шеккендер жоқ


Фумио Кисида.
Фумио Кисида.

15 сәуір таңертең Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласында сөйлеп тұрған кезде оған біреу жарылғыш зат лақтырды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді, шара өтпей қалды.

Лақтырылған зат түтін құтыға ұқсас деп жазды Kyodo News. Премьер-министр басқарушы партия кандидатымен сөйлесіп отырған кезде жарылыс дыбысы естілген. Оқиғадан кейін Кисида бірден эвакуацияланған. Шабуылдаушыны полиция ұстаған.

Видеода бірдеңе қатты жарылғаны және адамдар жан-жаққа қашып жатқаны көрінеді. Ал бірнеше полицей шабуылдаушыны жерге жатқызып ұстайды.

Кисида бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге жасалған қастандықтан бір жылдан астам уақыт өткен соң шабуылға ұшырап отыр. Былтыр шілдеде басқарушы партияның кандидатын қолдаған митингіде сөйлеп жатқан кезде Синдзо Абэге екі рет оқ атылған. Абэ ауруханада қайтыс болды. Оған Нара қаласында қастандық жасалған. Ал Вакаяма соған көрші аумақта орналасқан.

XS
SM
MD
LG