Accessibility links

Энергетика министрлігі: Министр Сәтқалиев пен бірінші президент туысқан емес


Энергетика министрлігі ғимаратының маңы.
Энергетика министрлігі ғимаратының маңы.

Энергетика министрлігі министр Алмасадам Сәтқалиев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев арасында ешқандай туыстық қатынас жоғын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желіде жарияланған жалған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы видеода көрсетілген сыныптасымен жеке қатынаста емес. Алмасадам Сәтқалиевтің бірінші президентпен туыстық байланысы жоқ және бұрын-соңды болмаған да" деп жазылған министрліктің түсініктемесінде.

Министрліктің хабарламасын жергілікті БАҚ таратты. Ведомство "жалған ақпарат таратқандарға заңнамада жауапкершілік көзделгенін" де еске салған.

15 сәуірде интернетте "Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Назарбаев" деп аталған жасөспірім туралы видео тарады. Видеода Тауман Назарбаев қазіргі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің 2005 жылы туған қызымен некеге тұрғаны, осы байланыс "Сәтқалиевтің министр қызметіне тағайындалуына әсер еткені" айтылған.

2021 жылғы көктемнен бері "Самұрық-Қазына" қорын басқарған Алмасадам Сәтқалиев 4 сәуірде президент жарлығымен энергетика министрі болып тағайындалған. Жуырда Сәтқалиев Астанада энергетика министрлігі алдында наразылық білдірген жаңаөзендік жұмыссыз мұнайшылармен кездесуге шықпай, сынға қалған. Бұдан соң кейбір белсенділер оның отставкаға кетуін де талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG