Accessibility links

Зерттеу: Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған әйелдер жиі қуғындалады


СПИД бойынша еуразиялық әйелдер желісі (EWNA) Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған әйелдер қуғындалып жатқанын мәлімдеді.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ инфекциясын криминализациялауға қатысты жарияланған зерттеуде төрт елде – Беларусьте, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда ВИЧ жұқтырған секс-қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту ең көп тіркелгені айтылған.

Зерттеу 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі мерзімді қамтыған және 11 елдің – Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және Өзбекстанның мәліметтеріне негізделген. Зерттеуде бұл елдердің Эстониядан басқасының бәрінде ВИЧ-ке байланысты қылмыстық заңдар бар екені де аталған.

Тәжікстанда жәбірленген тарап арыз жазбаса да және оның ауру жұқтырғаны дәлелденбесе де, ВИЧ инфекциясы бар әйелдер сотқа тартылған жағдай көп.

Зерттеу авторларының пікірінше, ВИЧ жұқтырған секс-қызметкерлерді қылмыстық жауапқа тарту арқылы ВИЧ-пен күресу мүмкін емес.

"Зерттелген елдердің бірде-бірінде ВИЧ жұқтырғандарды қылмыстық жауапқа тарту елдегі ВИЧ ахуалын жақсартуға әсер етпеген. Себебі ВИЧ-тің зиянын азайту және оның алдын алу мәселелерінде мұндай заңнамалық әдіс тиімсіз" деп жазылған зерттеуде.

EWNA атап өткендей, 2018-2021 жылдар аралығында Тәжікстанда "адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру" бабы бойынша 175 айыптау үкімі шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG