Өзбекстан Жоғарғы соты СССР кезінде қудалауға ұшыраған 208 азаматты ақтап шықты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке қарағанда, бас прокурордың орынбасары Жоғарғы сот алқасынан апелляциялық шағым түсіру мерзімін созуды, сонымен бірге апелляциялық шағым түсіруге рұқсат беруді сұраған.
Қылмыстық істер ашық сотта Жоғарғы сот төрағасының орынбасары Икрам Мүсілімовтің төрағалығымен қаралды. Жоғарғы сот алқасы үш қылмыстық істегі 208 адамды ақтап шықты.
Ақталғандар тізіміне республиканың Ферғана, Қашқадария және Самарқанд облыстарында туған, сол өңірлерде жұмыс істеген адамдар кірді.
2022 жылы желтоқсанда Өзбекстан Жоғарғы соты совет заманында қудаланған 173 өзбекстандықты ақтаған.
2021 жылғы 31 тамызда президент Шавкат Мирзияев өзбек халқының үздік өкілдері совет билігі қуған-сүргінінің құрбаны болды деп мәлімдеген.
Ресми мәлімет бойынша, 1937-1953 жылдары ел еркіндігі үшін күрескен 100 мыңнан астам өзбек азаматы қуғын-сүргін көрген. 13 мың адам атылып, зиялы қауымның мыңдаған өкілі айдауға жіберілген.
ПІКІРЛЕР