Accessibility links

Украинаның одақтастары Германияда "Рамштайн" форматында 11-рет кездесті


Украина қорғаныс министрі Алексей Резников (оң жақта) пен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин.
Украина қорғаныс министрі Алексей Резников (оң жақта) пен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин.

Ресей басқыншылығына қарсы шайқаста Украинаға қолдау көрсететін Батыс мемлекеттері 21 сәуірде "Рамштайн" форматындағы жиынын 11-рет өткізіп жатыр. Германияда орналасқан АҚШ әскери базасының атымен аталатын бұл жиын тура бір жыл бұрын бірінші отырысын өткізген еді.

Жалпы отырыс басталмас бұрын Украина қорғаныс министрі Алексей Резников пен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин келіссөз жүргізді.

Резниковтің сөзінше, бүгінгі кездесуде Украинаға көмек ретінде қару-жарақ беру мәселесімен бірге осы жылдың аяғына дейін Украинаны қолдау стратегиясының жай-жапсары да талқыланады. Бұған дейін Украина өкілдері әуе шабуылынан қорғану жүйесіне аса мұқтаж болып отырғанына, Батыстағы серіктерінен сондай қару-жарақ күтетініне айрықша назар аударылады деген хабар тараған. Бұған қоса, Киев Батыс елдерінен алғысы келетін қазіргі заманғы әскери жойғыш ұшақтар мәселесін тағы да қозғамақшы екені айтылған.

Пентагон басшысы Батыстағы одақтастары Украинаға "қанша қажет болса, сонша" қолдау білдіреді деген сөзін бұл жолы да қайталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG