Accessibility links

Варшава билігі Ресейдің Польшадағы елшілігіне қарасты мектеп ғимаратын мемлекет меншігіне алды


Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсылық акциясы. Варшава, Польша.
Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсылық акциясы. Варшава, Польша.

Варшава қаласының билігі Ресейдің Польшадағы елшілігіне қарасты мектеп орналасқан ғимаратты мемлекет есебіне алды. 29 сәуірде таңертең Варшава мэриясының өкілдері мен полиция ғимаратқа келіп, мүлік тізімін жасауға кіріскен. Ғимараттағы Ресей қызметкерлеріне 29 сәуірдің кешіне дейін ғимаратты босатуды бұйырған.

Ресейдің "РИА Новости" мемлекеттік ақпарат агенттігі Ресей елшілігі қызметкерлері жүктерін әндетіп тиеп жатқаны көрінетін видео жариялаған. Олар сенбі күні ғимараттан шығып кеткен. Ресейдің Польшадаға елшісі Сергей Андреевтің сөзінше, мектеп дипломатиялық миссияның өзге ғимаратында жұмысын жалғастырады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Польша билігінің әрекетін "басып алу" деп атап, оны дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын бұзу деп сипаттады. Ол үшін Мәскеу "қатаң жауап" беретінін мәлімдеді. Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Польшамен дипломатиялық қатынасты үзуді ұсынды.

Польша сыртқы істер министрлігінің сөзінше, Варшава Ресейдің бұрынғы лицейінің ғимаратын қалаға қайтарған, өйткені ғимарат жалға заңсыз алынған.

Deutsche Welle хабарына қарағанда, Ресей Украинаға басып кірген соң, 2022 жылы наурызда Польша сыртқы істер министрлігі Ресей иеленіп отырған, бірақ дипломатиялық және консулдық қызметтерге пайдаланылмайтын екі ғимаратты қайтару мәселесін көтерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG