Accessibility links

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты "өзіне қол салып", қайтыс болған


30 сәуірде Алматыдағы ҰҚК академиясының жатақханасында курсант өлі табылған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мамандары курсант өз-өзіне қол салғанын айтады. Қазір полиция "өзін-өзі өлтіретін жағдайға жеткізу" бабымен тергеу бастаған.

Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім мен суицид жиілеп барады. Марқұмдардың туыстары да, қоғам да негізінен әскер мен оның басшыларына кінә артады. Қатардағы жауынгерлердің қазасына әлімжеттік те себеп екені жиі айтылады. Ал ресми орындар оны әлеуметтік-тұрмыстық себептерден көреді.

Жас сарбаздардың қазасына қатысты істердің көбі бұлыңғыр әрі қоғамға ашық айтыла бермейді. Әскери психологтар мен отставкадағы әскерилер жауынгерлердің өлімін азайту үшін алдымен осыған дейін болған жағдайларды жеке-жеке тексеріп, ашық тергеу жүргізу керек деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG