Accessibility links

Ресейдің Украинамен шектесетін Брянск облысында теміржолда тағы жарылыс болып, пойыз аударылған


Брянск облысы.
Брянск облысы.

Ресейдің Брянск облысында теміржолда екі күн ішінде екінші рет жарылыс болған. Облыс басшысы Александр Богомаздың сөзінше, Снежетьская станциясының маңында "белгісіз жарылғыш зат жарылған, ешкім зардап шекпеген".

"Ресей теміржолы" компаниясының мәліметіне қарағанда, локомотив пен 20-ға жуық вагон рельстен шығып кеткен. Пойыз жолында қозғалыс тоқтаған.

Baza телеграм-арнасы аударылған вагондардан күкірт пен селитра төгіліп жатқанын хабарлаған. Оның мәліметіне қарағанда, бір мезгілде теміржолдың үш жерінде жарылыс болған.

  • 1 мамырда Брянск облысында мұнай өнімдерін әкетіп бара жатқан пойыз жарылыстан кейін жолынан тайып кеткен еді. Облыстың басшысы ол кезде де жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.
  • Брянск облысы Украинамен шектеседі. Былтыр Ресей Украинаға жаппай басып кірген кезде де осы облыстың теміржолында бірнеше жарылыс болған. Украина теміржолдағы жарылысты соғысқа қарсы партизандардың ісі деп бағалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG